lat: Abysyn
зат. Ағайынды, туыстас адамдардың әйелдерінің бip-бipiнe қарым-қатынасын көрсететін туыстық атау.
Осы елдi ел қылған,
Дәулетін шалқар көл қылған,
Eр едi елдi бел қылған.
Телi менен тентектi
Тыю салып ел қылған.
«Абысыным, Ақырғай,
Көздің жасын көл қылған (К.Әзiрбаев, Таңд. Шығ.).
Ағайын тату болса, ат көп, Абысын тату болса, ас көп (Мақал-мәтел).