lat: Abzas
(нем. Аbsatz) зат. лингв.1. Жаңа жолдан бастап жазуда ойға қарай жасалған сәл шегініс, азатжол.
Абзац - баспа не қолжазба мәтіннің алғашқы жолындағы шегiнiс. Абзацты азатжол немесе жаңа жол деп те атайды (Қазақ тiлi. энциклопедия).
2. Бiр азатжол мен екiншi азатжолға дейiнгi мәтін(текст) бөлігі.
Өзіңіз керек еткен кітаптың тұтас абзацтары мен беттерін көшiрiп алу үшiн әлденеше сағат сарылып отырмайтын боламыз («Қаз. әдеб.»).
Абзацты «период», «күрделi синтаксистiк тұтастық» немесе «күрделi фразалық тұтасым» деп атау да бар. Абзац кейде бiр сөйлемнен де тұрады (Қаз. тiлi энцик.).