Ада

lat: Ada

сын. Түк жоқ, жұрдай, құр алақан.

Жаратылысынан дәреже құмарлық не мансапқорлық қасиеттен ада жан, өзінің осында қалғанына айрықша қуанады (І.Есенберлин, Айқас).

Бөлменің іші жым-жырт, ұядай жылы, көз құртын жыбырлатар сұлулықтан ада, жұпыны да жарасымды (О.Бөкеев, Біздің жақта.).

Мәрзия сұлу бұл күнде еркелік, наз, желігу, қылымсу, көздің жауын алып киіну сияқты сұлулыққа тән қылықтардан ада еді (Ә.Тарази, Басынан Қаратау.).