Адал

lat: Adal

сын. 1. діни. Ислам шарттары толық сақталған, ішіп-жеуге жарамды, арам емес.

Шалажансар ыңқылдап жатқан бір жылқыны етi адал болсын деп, бiреу пышақпен шалып тастады (Ө.Күмiсбаев, Тіршілік.).

Арам қолыңмен адал тамақты былғайсың, саған шөміш ұстатқан қандай көргенсiз? (А.Тоқмағамбетов. Әке.).

2. Таза, пайдалануға болатын, жарамды.

Түсің суып кеткен екен.

Адал десең, алып қал!

Не қыласың таласып?

Бұ да бiр уақыт шығар! (М.Дулатов, Шығ.).

3. Ар-ұяты күшті, ақ ниетті, таза адам. 

Арамды адал десе, кім болады?

Қазақтың сөзі қашан шын болады? (Ш.Қудайбердиев, Шығ.).

Адал адамның аты арып, тоны тозбасақал-мәтел).

Дәл соңғы жылы ғана Абайды анық адал аға деп, шынайы дос тұтып тапқан едi (М.Әуезов, Абай).

4. Шын берілген, сенімді, күмән тудырмайтын.

Eл, Отаны үшін өз бастарын, ой, күштерін ортаға салған орыс халқының адал ұлдары бұл кезде көп едi (М.Әуезов, Әр жыл.).

Қараса, жан тояр ма ажарыма,

Дұшпан ит, қарамайсың адалыма (XX ғ. Қаз. ақын.).

5. Кіршіксіз, мінсіз, пәк, қалтқысыз.

Көкірекке ақыл, көзге ғибрат,

Жалынды талап, жаңа үміт.

Адал жүрек, ақ ниет,

Жамандықтан қашқанға (I.Жансүгiров, Шығ.).

Саған айтпастан, екеумiздiң ақ махаббатымыздың адал күндерін дәптер бетіне тiзе беруге ұйғарғанмын (Ә.Нұршайықов, Махабб. жыр.).

Адал достық алтыннан да қымбат (М.Әлiмбаев, 666 мақал.).

6. Тура, анық, шын, ақиқат.

Қарағым, көңілің таза бала екенсің,

Адалыңды айтқаныңа рақмет (С.Мұқанов, Мөлдiр махабб.).

Адалын жазған және сіз берген тақырыпқа әбден келіп тұр («Халық Мұғ.»). // көне. Адал мал, дүние. Мал ретінде тігер тұяғы жоқ. Он сегізде жасы бар, Жалғыз өскен басы бар, Адалға қара дегенде Қара тұлпар аты бар (Қамбар батыр).