lat: Adam
зат. 1. филос. Ойлау және сөйлеу қабiлeтi зоp, еңбек құpалдаpын жасап, олаpды өз игілік қажетте жаpата білетін қоғамның саналы мүшесі.
Адам ісінен шыққан жасалынды нәрселердің бәрі өнер дүниесі болады; өйткені жасалынды нәрселердің істеліп шығуына адам ақылы, әдіс-амалы, шеберлігі, өнер күші кіріскен (А.Байтұрсынов, Шығ.).
Һүнер мен мәзкүрлерді адам тапқан, Жалғыз-ақ біздің қазақ қарап жатқан (М.Дулатов, Шығ.).
Қазақстан мемлекетінде адам тұрмыс-тірлігін нақты жақсартуға, ізгілендіруге және қорғауға бағытталған жетістіктер Отаншылдықты да нығайта түспек («Қаз. әдеб.»).
2. Адамзат өкілі, кісі.
Кезінде Паустовский айтқан екен: «ана тілін ұмытқан адам Отанға қауіпті», - деп. Өз жерінде ана тілін білмеу, біле тұра сөйлемеу - барып тұрған мәңгүрттік, рухсыздық («Қаз. әдеб.»).
Қазір еңбек етуге қабілетті 7,5 млн адамның 2,5 млн-ы ғана зейнетақы қорларына тұрақты түрде ақша аударып отырады, яғни көлеңкелі экономика көрініс беріп қалды («Түркістан»). Мұңдасып жер мен адам екі жүрек,
Сыр тыңдап бір-біріне құлақ түред.
Бұлардың қайғысынан қараңғылап,
Аспанның Жұлдыз жымып, ай мүдіред (Сара, Тордағы.).
3. псих. Генетикалық жақтан өмірдiң басқа фоpмалаpымeн байланысты және ол фоpмалаpдан еңбек құpалдаpын өндipу қабілетінің аpқасында бөлініп шыққан, mүсiнiкmi сөйлей, ойлай алатын, саналы био-әлеуметтік тipшiлiк иесі.
Психология адамның психикасы мен оның дамуын, адамның даралық-психологиялық ерекшеліктерін, әлеуметтiк өмiрде атқаратын рөлiн, қызметi мен қарым-қатынасын зерттейдi (Қаз. тiлi термин. Педагогика.).
Тәрбие-тұлғаны қалыптастыратын, оны қоғамдық өмiрге бейiмдейтiн, мәдениетке баулитын мақсатты бағыт. Дәлiрек айтқанда аталмыш процесс адамды әлеуметтендiредi («Жұлдыз»). Адамның оң қолының басқарылуы мен ымдауы, үн шығаруы мидың сол жақ жарты шарындағы Брока нүктесі арқылы атқарылады екен («Жас Алаш»).
4. діни. Алланың жаратқан құлы, пенде.
Жағалауға жапсарласқан жақпар тасқа оңбай ұрылған дене бiрсiн-бiрсiн жансызданып, арғы дүниенің дәм-тұзын татуға аз-ақ қалған. Өлдi деген осы! Азаптамай алған Аллаға адамдардың не себептен алғыс жаудырары түсінікті болады. Аспан жоқ! Eлу шақты қыл құйрық аман қалды (О.Бөкеев, Шығ.).
Бұл адам кәріліктің жақындағанын, кiнәсiнің көбейгенiн бiлiп Һәм бүгiн болмаса ертең Әзiрейiл жанын алғанда есеп-қисап беремiн ғой деп ойлаған едi (ДУГ).
Алла Тағала перiштеге ақыл берді, нәпсi берген жоқ; жан-жануарларға, хайуанаттарға нәпсі бердi, ақыл берген жоқ; ал инсандарға, яки адамдарға ақылды да берді нәпсіні де бердi («Түркістан»).
Барат түнiнің қасиеттелiгi сондай, әрбiр адамның бiр жылдық iстелген адамдары жазылып бiтiп, жаңадан амал дәптер басталғандай («Түркістан»).
5. Өзіндік мінез-құлқы, ой-өрісі, түр-тұрпаты бар ерекше жеке тұлға.
Жұман момын адам: кісіден тіленбейді, кісіге жағынбайды, бес уақыт намазын оқып: «А, Құдай, бергеніңе шүкiр» деп, барға қанағат, жоққа сабыр ететін бiр бейуаз (Ж.Аймауытов, Қартқожа).
Қырықтың үстіне ендi-ендi шыққан шырайлы адам. Әдемi азамат - қарағайдай тiп-тiк. Тоқтататын Төлебидiң жасына келсе де, бозбалалық бозай мiнезi қалмаған («Жас Алаш»). Құнанбайдың Көкше ішіндегі тұрғылас, дос кiсiсi Қаратай болған. Ол көп елдің сынынша шешен, жүйрік адам (М.Әуезов, Әр жыл.).
6. экспр. Рухани толысқан, жан-дүниесі бай, ақыл- парасат иесі.
Атаңның баласы болма, адамның баласы бол (Абай, Тол. жин.).
Адамнан үлкен ат жоқ, наннан үлкен ас жоқ (Мақал- мәтел).
Адам деп айтқанымды ескермейсің,
Қолыңмен теңіз суын ескендейсің.
Мақтанып менен басқа бар ма деп жан,
Батпақты байпағыңмен кешкендейсiң (Т.Iзтiлеуов, Рүстем.).
Адасқан ағайынға басшы болып,
Iшiнде жол көрсетер адам аз-ақ (М. Дулатов, Шығ.).
7. Тірі жан, тіршілік иесі, кісі атаулы.
Eшбiр адам аузына алмаған соң,
Аты өшкірдің аты өшiп ұмытылды (Қозы Көрпеш.).
Болымсыздың қылығы,
Адамға жоқ жұғымы
Қашатұғын қашырдай (Бес ғасыр.).
Eбелек ұшпас елсiзден,
Көбелек ұшпас көлсізден,
Құда мидай шөлдерден,
Адам жүрмес жерлерден (Қобыланды батыр).
Кірпігі оқ, қамзасы шоқ, көзi нәркес,
Ай мысал жаңа туған қиылған қас.
Лағыл леб, аузы ғұнша, белi қылша,
Дүниеде еш адам жоқ оған ұқсас (Бабалар сөзі// Xикаялық дастандар).
8. Кім болса да, қайсыбір, қандай да бір кісі.
Ішіне сабан тыққан түлкінің терiсiне ұзын арқан тағып, бiр адам көрінбей жатып тартады екен. Немесе төрт бес арқанды жалғастырып, алыстан атпен сүйретiп алып қашатын көрiнедi (Саятшылық).
Тәуiр сыйлап өлең, жарқын айтқыл маған Адамға ода болса бiр ғанибет (Батырлар жыры).
Дүние диiрменнің бұрғысындай,
Барасыз аз бiр елге жыл құсындай.
Көркіңе көрген адам тояттаған,
Басыңның естушi ем бұлдысын-ай (XIX г. Қаз. поэз.).
Дарияның меспен тасып суын кұртпақ,
Демей ме, көрген адам «неткен кеще?» (О. Шораяқов, Шайыр).
9. Өлшем, бірлік мағынасында.
Секілді шоқат емес, үлкен төбе,
Оралып омырауға жатыр жебе.
Он адам отыратын ер иiнiне,
Түйе аунап жататұғын тесi кеме (Т.Iзтiлеуов, Рүстем.).
Жиырма бес адамға арналған автобус. Отыз адамнан тұратын сынып.
10. ауыс. Халық, жұрт, көпшілік.
Ұрыстан бұлар шаһид Қазаланған,
«қазы» деп аталады тiрi қалған.
«Жетi күн ат пен адам тынықсын», - деп,
ШаҺзада ескерше қылды пермен (Бабалар сөзі// Дiни дастан).
Адамдаpы аду, жауынгер келеді Бұларға батыс өңiрдегi қаңлы, үдүн, шалық, парфия жене басқа ұсақ елдер болып, жалпы отыздай ел бағынды («Жалын»).
Би-Би-Си телеарнасының жүргізушіге бейнероликтегi қасиет көрiнiстерден кейiн осы репортажды адамдаpдың қалай қабылдауы мүмкiн деген сұрақ қойып, әңгiме төркiнiн күн тәртібіндегі мәселелерге қарай бұрды («Eгемен Қазақстан»).
Жау басынар халықты,
Басқарушы оңбаса.
Малша айдап адамды,
Орынсыз күштеп зорласа.
Ауға түскен балықтай,
Шыға алмассың бұлқынып әдiлетшiл болмаса (Сүйінбай ақын, Ақиық).
11. ауыс. Қандай да бір міндет жүктеген, осы міндетін атқарушы кісі немесе біреудің, бір нәрсенің құзырындағы тұлға, қызмет, кәсіп иесі, қандай да бір топ өкілі.
Жiбердi шақырттыра бiр адамды,
Барды да ол көлденеңдеп тұра қалды.
«Жүр-жүр» деп жеделдете бергеннен соң,
Борықтай мойнын үзіп, бұрап басын: (Т.Iзтiлеуов, Рустем.).
Сiз жақсы келдіңіз, Ибрагим Құнанбаевич. Бұл арызды жазған Мұкыр болысының адамы, жас киргиз. Күндіз оны көрдiм ісінің жалған екенiн, осы араға жиылған тобықты болыстарынан, Дағанды, Қандығатай, Еңiрекей болыстарынан да арыз берушi жiгiттiң өз көзiнше анықтап алып отырмын (М.Әуезов, Абай жолы).
Әрбiр болыстарын hәм кандидат болған адамдарын бекiтедi обылысты билеп тұрған губернатор хазiретiлерi. Әрбiр ауылнай старшиналарын hәм оларға қандидат болған адамдарын бекiтедi оязный начальник (ДУГ).
Сайлауқомдағылар «Азаматтықтан» 13 мәслихат депутаты тіркелген десе, осы партияның облыс бөлiмшесiндегi баспасөз хатшысы Жiбек Мұсаева «депутаттар санын, елуге жеткіздің, оның алтауы облыстық маслихатта» дейді Қалай десек те облыстық мәслихатта «Ақ жолдың» [саяси партия] да, «Асардың» да адамы бар («Жас Алаш»).