Адам құқылары мен бостандықтары

lat: Adam quqylary men bostandyqtary

заң. Жеке адамның дүниeжүзi қоғамдастығы мойындап, халықаpалық-құқықтық құжатmаpда бекітілген, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілген, eшкiм шек қоймайтын немесе тыйым сала алмайтын құқылаpы мен босmандықmаpы.

Адамның белгілі бір игіліктерді иеленуін қамтамасыз ететін, өз қалауынша іс істеуіне мүмкіндік беретін мемлекет пен бұқара арақатынасының принциптері адам құқылары мен бостандықтарына жатады (ҚҰӘ).

Бірақ адамзат қоғамы дамуының одан кейінгі дәуірінде, яки орта ғасырда адам құқылары мен бостандықтары мүлде басқаша, яғни билеуші топтың жасаған рақымы, шапағат-ырқы түрінде түсірілді (ҚҰӘ).

Орындалу, іске асырылу ортасына қарай адам құқылары мен бостандықтары азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар мен бостандықтар болып бөлінеді (ҚҰӘ).