Адамгершілік

lat: Adamgershilik

зат. Адам бойындағы қоғамдық талапқа сай ізгілікті, инабаттылықты білдіретін ахлақ ұғымы.

Ол - сонымен қатар адамгершілігі күшті, уәдеге берік, серттен таймайтын адам (М.Ғабдуллин, Қаз. ауыз әдеб.).

Жақсы жігіт өзінің адамгершілігін жақсы ісімен танытады (Ә.Әлішев, Батыр.).