Адамгершілік  сезім теориялары

lat: Adamgershilik  sezim teorıalary

Моральдің шығу тегі мен табиғатын адамға мақұлдау мен айыптаудың қасиеттеріне тән екенін түсіндіретін субъективтік этикалық теориялар. Адамгершілік сезім теориялары Англияда 17-19 ғасырларда пайда болды (А.Смит,Юм,Шефтсбери,Ф.Хатчесон) 20 ғасырда бұл теорияларды А.Вестермарк (Финляндия), У.Мак Дугэлл, А.Роджерс, Ф.Шарп (АҚШ), А.Саверленд пен А.Шенд (Англия) дамытты. Адамгершілік сезім теорияларының ең басты мағынасы сонда-адамдар оқиғаларға баға береді, өзінің мінез-құлық бағытын таңдайтын моральдік ұғымдарға, әртүрлі құбылыстарға байланысты олардың бастан кешіретін мақұлдау немесе айыптау сезімі негіз болады. Ғалымдар тұжырымдаған адамгершілік ұғымдарды релитивистік тұрғыдан түсіндіру осыдан келіп шығады. Адамгершілік сезім теорияларына жалпы алғанда типі жөнінен осы теориялар жатқызылатын апробитивтік этикаға тән барлық олқылықтарды қосуға болады.