Адамзат

lat: Adamzat

Адамзат бүгін адам, ертең топырақ (Абай). Парсыша [адами зад] адам (адам баласы). Тәжікше одамизод 1) адам; 2) адамзат, адам баласы. Бұл сөз адам және зад//зада//зода сөздерінің қосылуынан пайда болған. (Қара: асылзада). Парсыша [зад]1) туын-өну; 2) бала туған; 3) балапан. Тәжікше зот тұқым, табиғат, ру. Демек, адамзат адам баласы тіркесінің синонимы ретінде қолданылатын сөз. (Ш. С.)