lat: Adaptasıa
[лат. adaptatio] зат. 1. биол. Адам ағзасының тіршілік ортаға бейімделуi.
Адаптация нәтижесінде жарқанаттың алдыңғы аяғы ұшуға, көртышқанның алдыңғы аяғы қысқарып және сүйектерi жалпақ бола келіп, жер қазуға бейiмделген, суда тіршілік ететiн сүтқоректiлер - итбалық, киттердің аяқтары жүзгiш ескек аяқтарға айналып өзгерген (КСӘ).
Сүтқоректілерде тiршiлiк ортасына сәйкес (кұрлықтағы сүтқоректілер немесе хтонобионттар, ормандағы - дендробионттар, судағы - гидробионттар, ұшатындары - аәиабионттар т.б.), қоректену тәсiлiне қарай (дән-шөп жейтiндер, жыртқыштар т.б.), қозғалу тәсiлдерiне (жүгіретiн, өрмелейтін т.б.) сай адаптацияның бiрнеше түрi кездеседi (ҚСӘ).
2. экон. Маркетингіде тиісті субьектінің және оны қоршаған әлеуметтік-экономикалық ортаның мүдделерін келістіру арқылы кәсіпорынның тұрақты қызметі мен дамуын қамтамасыз ететін негізгі атқарымдардың бірі. Адаптациядан өтті.