АДАПТАЦИЯ

lat: Adaptasıa

(лат. adapio бейімдеймін) әдеби шығарманың белгілі бір ортаға әдетте дарындығы төмен оқырмандарға лайықталып, солардың қабылдауына бейімделіп қайта жазылуы. Адаптация көбінесе шет тілін үйреңудің бастапқы сатысындағы текст әзірлеуде қолданылады, мұндайда шығарма, ықшамдалып тәржімаланады да, түпнұсқасымен қатар беріледі. Бұл тәсіл балаларға күрделі шығармаларды ұғымды түрде таныстыру үшін қолданылады. «Одиссея» мен «Илиаданың», Даниел Дефоның «Робинзон Крузосынын» осылай жасалған нұсқасы бар. Әдеби тексті бейімдеу шығарма мазмұнына терең бойлауды, автордың, стилін сақтауды талап етеді. Соңғы кезде бейімдеу тәсілі қазақ әдебиетінде де ұшырасып жүр. Айталық, «Қамбар батыр», «Алпамыс», «Қобыланды батыр» эпосы қазақ, орыс тілдерінде қарасөзбен қысқаша қайта баяндалып, жеке басылым болып шықты.