адам және жануар ағзасының күшті және ұзақ мерзімді жағымсыз әсерлерден (стрессорлардан) қорғаныш сипатындағы адаптациялық реакцияларының жиынтығы. Стрессорлар әрекеті салдарынан қалыптасатын функциялық күйді стресс деп атайды. Адаптациялық синдром ұғымын 1936 жылы канадалық физиолог Г.Селье ұсынған. Адаптациялық синдром негізгі белгілері болып табылатындар: бүйрек үсті қыртысының ұлғаюы, кейбір бездердің, көк бауырдың және лимфа түйіндерінің кішіреюі, ыдырау процестерінің көбеюі салдарынан зат алмасудың бұзылуы. Адаптациялық синдром дамуында әдетте үш кезеңді бөліп көрсетеді: Біріншісі - үрей кезеңі - бірнеше сағаттардан басталып, бірнеше тәулікке дейін созылатын күйге қарсылық кезеңдерінен тұрады. Соңғы- сында организмнің қорғаныс реакцияларының жинақылығы жүзеге асады. Адаптациялық синдром. екіншісі - қарсы тұру кезеңіңде - организмнің түрлі әсерлерге төзімділігі артады. Бұл кезең не күйдің тұрақталуына және сауығуына әкеледі. Адаптациялық синдромның үшінші кезеңі - тозуға ауысып, организмнің өлуіне алып келуі мүмкін. Сенсорлық адаптациялық синдром бірнеше түрлері бар. Олар: ауырсыну адаптациясы, иіс сезу адаптациясы, есту адаптациясы, көру адаптациясы, қысымға адаптация, негативті және позитивті адаптация.