lat: AdaptasıaLYQ SINDROM
— адам және жануар ағзасының күшті және ұзақ мерзімді жағымсыз әсерлерден (стрессорлардан) корғаныш сипатындағы адаптадиялық реакцияларының жиынтығы.
Стрессорлар әрекеті салдарынан калыптасатын функциялық күйі стресс деп атайды.
Адаптациялық синдром ұғымын 1936 жылы канадалық физиолог Г. Селье ұсынған. Адаптациялық синдром негізгі белгілері болып табылатындар: бүйрек үсті қыртысының ұлғаюы, кейбір бездердің, көк бауырдың және лимфа түйіндерінің кішіреюі, ыдырау процестерінің көбеюі салдарынан заталмасудың бұзылуы.
Адаптациялық синдром дамуында әдетте үш кезенді бөліп көрсетеді:
Біріншісі — үрей кезеңі — бірнеше сағаттардан басталып, бірнеше тәулікке дейін созылатын күйге қарсылық кезеңдерінен тұрады. Соңғысында организмнің қорғаныс реакцияларының жинақылығы жүзеге асады.
Адаптациялық синдром екіншісі — қарсы тұру кезеңінде — организмнің түрлі әсерлерге төзімділігі артады. Бұл кезеңінде күйдің тұракталуына және сауығуына әкеледі немесе
Адаптациялық синдром үшінші кезеңі — тозуға ауысып, организмнің өлуіне алып келуі мүмкін. Сенсорлық Адаптацияның бірнеше түрлері бар. Олар: ауырсыну адаптациясы, дәм сезу адаптациясы, есту адаптациясы, иіс сезу адаптациясы, көру адаптациясы. қысымға адаптация, негативті және позитивті адаптация