Адақта

lat: Adaqta

ет. көне.1. Аяқтау, ада ету, бimipу.

Бәйбіше тоқтаған соң, өзге қыздар да басылып, екі-ақ қыз адақтап шықты (М.Әуезов, Таңд. Шығ.).

Жақия дойбыдан Досаннан басқа ойыншылардың бәрін адақтап, жеңіп шыққан болатын (М.Иманжанов, Менің махабб.).

2. Аpалау, кезу.

Соңғы он жыл ішінде, облысқа дейінгі дәрігерлердің бәрін адақтады Болат (З.Шүкіров, Ізгілік.).

Осы үйлерді шетінен адақтап шыққаны қайда? (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер).

Содан екеулеп аудан, облысты адақтап шығыпты (Ә.Тарази, Асу.).

3. Ақтаpу, тіміскiлeу, тінту.

Қонақ үйден шықса да, кірсе де айналасын көзімен бір шығады адақтап (Қ.Тұрсынқұлов, Алыста.).

Сиқым үйдің о жер, бұ жерін, кебеже-дорбаларын түгел адақтап шықты (Д.Қасенов, Серт).

4. Оқшаулану, epeкшeлeну, даpалану.

Тау төбесіне шықсаң, алыста адақтай біткен шоқылардан басқасы - ұшы-қиырына көз жетпейтін кең дала (С.Мұқанов, Eсею жыл.).

Домбыра айналаға дүбiр салды,

Адақтап жалғыз шапқан жүйрiк аттай (І.Жансүгіров, Поэм.).