әрбір кезеңде қоғамдық-тарихи практика мен білімнің шектеулігіне, яғни білімнің немесе объектінің жекелеген сәттерін абсолюттендіруге байланысты, сондай-ақ танушы субъектінің білімі мен практикасының шектеулі болуымен түсіндірілетін ұғым, яғни субъектінің объектіге сәйкес келе қоймайтын түсінігі. Адасудың танушы субъектінің таптық, топтық,тіпті жеке мүддемен баянды етілуі жиі кездеседі. «Адасу» категориясы мазмұны жөнінен «қателік» деген ұғымға жақын түр және үйреншікті ауызекі тілде оларды бірінің орнына бірін жиі қолдана береді, өйткені қателік те-субъектінің объектіге сәйкес келмейтін түсінігі. Солай бола тұра теориялық тұрғыдан алғанда олардың ара-жігін ажыратып алу маңызды. Ал-бұл білімнің пәнге сәйкес келмеуі, мұның өзі бір-біріне байланысты емес, сондықтан белгілі бір дәрежеде міндетті сипат алатын себептерге, жағдайларға, субъектінің жеке қасиеттеріне байланысты пайда болады. Қателік индивидтің мүлдем кездейсоқ қасиеттері түрткі болуы себепті индивид білімінің объектіге сәйкес келмеуін сипаттайды, сондықтан оның болуы да, бәлкім болмауы да мүмкін, өйткені бұл негізінен субъектіге байланысты. Білімді сипаттау үшін «жалған» категориясы жиі қолданылады. «Жалған» категориясы логикада дайын, қолда бар білімді шындыққа қарсы қойып сипаттау үшін қолданылады. Ал адасу білімнің шындыққа жету жолындағы тарихи қозғалысы барысында сипатталады. «Өтірік» деген ұғымға келетін болсақ, ол «ақиқат» ұғымына қарсы түсінік ретінде жиі қолданылатын этикалық категория. Нақты білім мен практика танымды одан әрі дамытудың, шындыққа жетудің қажетті шарты болып табылады. Бұл орайда білім мен практиканың осы кездегі деңгейі неғұрлым жоғары болса, таным қызметіндегі жетістіктер де солай ғұрлым елеулі болмақ. Мәселен, субъект болжам жасай отырып, оның өзін немесе өзінің білім деңгейін басшылыққа алып, оның дұрыс-бұрыстығы жайлы пайымдай алмайды, өйткені оның білім дәрежесін талдау соңғы тұжырым жасауға негіз болмайды - білім шынайлығының өлшемі ретінде практикаға ден қою қажет. Бір шындық-өлшемі ретінде практика қарама-қайшы сипатта болады. Бір жағынан, оның көмегімен біз шындықты адасудан айтарлықтай айқын бөліп ала аламыз, ал екінші жағынан-оның нақты –тарихи шектеулі сипатта болуына байланысты салыстырмалы шындықтың бір бөлігі абсолютті шындық ретінде қабылданады ал мұның өзі бірден байқалмайды. Шындық қашан да нақты сипатта болады.Сондықтан диалектикалық-материалистік тұрғыдан қарағанда шындық пен адасудың арасындағы шек салыстырмалы,өткінші нәрсе және шындыққа қандай да болсын диалекттикалық тұрғыдан икемді қарамау оның адасуға айналуына апарып соғады. Диалектиканы естен шығару, ойлау жүйесінің қажетті икемділігінен айырылып қалу білім мен практиканың бастапқы деңгейі айтарлықтай жоғары болған күннің өзінде жан-жақтылық пен тарихнаманы естен шығарудың, объектілерді зерттеу кезінде практикадан қол үзіп қалудың себебі болып табылады, жекелеген шындық сәттерін абсолюттендіруге негіз болады. Сонымен, практика мен білім дамуынң әрбір нақты-тарихи деңгейі шындықты дамытудың негізі болып табылады. Бірақ бұл деңңгейдің нақты-тарихи шектеулігі білімде адасудың пайда болуына апарып соғады. Бұл орайда танымның даму процесі бірін-бірі алмастырып отыратын адасулар жиынтығы емес, шындыққа жету процесі, ал оны іздестіру жолында адасуларды жойып, олардың бойындағы шындық нышандарын бөліп алуға тура келеді.