(латынша adaeguatus-теңестірілген деген сөзден шыққан)-барабарлық, сәйкестік теңдік, баламалылық. Таным теориясында адекваттылық дегеніміз бейнелеудің (бейненің, білімнің) объекті-түпнұсқаға сай келуі, осының арқасында олардың объективті ақиқаттар сипаты болады. Адекваттық бейненің, білімнің мазмұны сипаттамаларының түпнұсқа сипаттамаларына сәйкестігі болып табылады. Ғылыми танымда бейнелеу мен түпнұсқа құрылымдары арасындағы сәйкестік түрлерін айқындауға ерекше назар аударылады. Бейнелеудің объекті –түпнұсқаға адекваттылықтың деңгейі мен дәрежесі үш негізгі көрсеткіш бойынша бағаланады: 1) кез келген бейненің, білімнің дұрыстығы; 2) дәлдік пен толықтық; 3) объекті-түпнұсқаны бейнелеудің тереңдігі, яғни, мәнділігі. Объектіні бейнелеу адекваттылықтының дәрежесі туралы мәселе, абсолютті және салыстырмалы ақиқаттың арақатынасы, мән мен құбылыс, ақиқат өлшемі проблемасымен байланысты.