Аэрация аймағы (ауалану белдемі)

lat: Aerasıaá aımaǵy (aýalaný beldemi)

күндізгі бет және топырақ суларының айнасы арасындағы жер қыртысының ең жоғары аймағы. Аэрация аймағындағы қуыстардың басым бөлігі су буларымен және ауамен толтырылған. Ондағы сулар гигроскопиялық, үлдірлі және капиллярлық ылғал күйінде болады және онда гравитациялық су (қалқымасу) уақытша ғана пайда болады. Аэрация аймағының сулы режимі айтарлықтай дәрежеде жер бетінің гидрометеорологиялық жағдайларымен анықталады.