Аффект

lat: Afekt

(лат. affects жан толқынысы) адам көңіл-күйінің шұғыл өзгеріп, әсерленуі (үрейлену, масаттану, ызалану). Аффект кезінде стрестік жағдайлар туындап, адам өзінің жүйкесін толық бақылай алмайтын ерекше сезімдік кейіпке түседі (оқыс мимикалар, айқайлау, жылау т.б.). Бұл құбылыс, әсіресе, балаларда жиі кездеседі. (мазасыздану, үрейлену т.б.). Қуаныш кернеген немесе қайғы-қасіретке душар болған ересек адамның да жан толқынысы аффект түрінде болуы мүмкін. Аффекттің мәдени жағын алсақ, онда оның тылсымдық не рухани тазарудың (катарсис) функциясын атқаратынын ескерген жөн. Әсіресе, өнір шығармаларынан ләззат алу, оны тамашалау кезіндегі аффекттер адамның көңіл-күйін көтеріп, тұлғааралық ерекше бір ынтамақтастықты тудырады. Аффект феномендері қазіргі бұқаралық мәдениет тұрғысынан да жиі қолданылады (тартымды ету, адамның ішкі дүниесіне жақындау). Кейде аффект пайда табуды көздеген адамдар үшін тылсымдық инстинктерді қоздыру мақсатында да қолданылады.