адамның қатты да терең уайымдауымен, өңі өзгеріп, санасы апшып, ұстамдылығының төмендеуімен сипатталатын, шалт та шапшаң тегеурінмен өрбитін ахуалы. Аффектінің екі: физиологиялық және патологиялық түрі бар. Физиологиялық аффект (ашу, ыза, үрей) психикаға әсер ету күші жойқын бола тұра, адамды өзінің мінез-құлқын сезіну мен бақылау, ол үшін жауапты болу мүмкіндігінен айырмайды. Физиологиялық аффект жағдайында қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауапкершілігі жоққа шығарылмайды, алайда белгілі бір жағдайларда ол жеңілдетілуі мүмкін. Патологиялық аффект сананы мүлдем түнектендіріп, өздігінен мақсатсыз не қауіпті іс-әрекеттер жасауға итермелейді.