Агалактия

lat: Agalaktıaá

сүтсіздік; желіндегі сүттің түзілу процесінің тиылып тоқтауы. Желінсау, аусыл, іштастау, эндокринді бездер қызметінің бұзылуы т.б. себептерге байланысты желін паренхимасы бұзылып, оның орнын дәнекер ұлпасының басуы салдарынан өрбитін дерт.