АГГЛЮТИНАТИВТІ ТІЛДЕР

lat: Aglútınatıvti TİLDER

Агглютинативті тілдерге түркі, банту тілдері жатады. Бұл тілдерге тән ерекшеліктер: аффикс арқылы сөз жасау және сөз өзгерту жүйесінің дамуы. Фонетикалық заңдылықтарға қайшы алломорфизм құбылысының болмауы; септеу мен жіктеудің ортақ түрінің болуы; аффикстердің грамматикалық мағынасының тұрақтылығы мен алмасулардың (альтернацияның) аз кездесуі.