соғыстың жариялану-жарияланбауына қарамастан мынадай іс-қимылдардың кез келгені: шет мемлекеттің қарулы күштерінің ҚР аумағына басып кіруі, шабуыл жасауы, қарулы күшті қолдана отырып ҚР аумағын немесе оның бөлігін аннексиялаудың кез келгені; ҚР аумағын бомбалау немесе шет мемлекеттің кез келген қаруды ҚР қарсы қолдануы; шет мемлекеттің қарулы күштерінің ҚР порттарын немесе жағалауларын қоршап алуы; шет мемлекеттің қарулы күштерінің ҚР Қарулы Күштеріне, басқа әскерлері мен әскери құралымдарына, ҚР теңізде жүзетін сауда немесе азаматтық авиация Кемесіне шабуыл жасауы; халықаралық шарт бойынша ҚР аумағында орналасқан шет мемлекеттің қарулы күштерін халықаралық шартта көзделген талаптарды бұза отырып қолдану немесе халықаралық шарттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейін де олардың ҚР аумағында болуының кез келген түрде жалғасуын басқа мемлекеттің билігіне берілген аумақта, сол мемлекеттің ҚР қарсы агрессия актісін жасау үшін пайдалануына мүмкіндік жасаушы мемлекеттің іс-қимылы; мемлекеттің немесе мемлекет атынан ҚР қарсы тегеурінділігі жоғарыда атап көрсетілген актілерге пара-пар қарулы күш қолдану актілерін жүзеге асыратын қарулы бандалардың, топтардың және тұрақты емес күштердің немесе жалдамалылардың жіберілуі; шет мемлекеттердің ҚР егемендігіне, аумақтық қол сұғылмаушылығына немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы бағытталған өзге де іс-қимылдары, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының ережелеріне сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі агрессия ретінде белгілеген актілер («Соғыс жағдайы туралы» 2003 жылғы 5 наурыздағы №391 ҚРЗ 1-бап)