ноғай-қазақ эпостарында есімі жиі аталатын эпикалық кейіпкер. Бірқатар жазба деректерде және ауыз әдебиеті туындыларында Айсаның ұлы Ахмет немесе Әмет атымен де ұшырайды. «Қырымның қырық батыры», «Асан қайғы», «Қазтуған» жырлары мен Шалгез, Мұрат ақын, Қашаған жырау мұраларында да Ахметтің есімі үлкен құрметпен аталған. Көшпелі ноғай-қазақ ұлыстарын сырт жаудан қорғауда ерен ерлігімен көрініп, ел есінде қалған халық батырларының бірі әрі тарихи тұлға.