lat: Ajyramas
сын. Айырылмас, қол үзбес, қимас.
Болсақ та ажырамас дос алайда,
Дара-дара бөліндік басқа жайға.
Сен кеттің туған елге мұғалiм боп,
Мен кеттiм геолог боп Қостанайға (М.Мақатаев, Шығ.).
Бар, әрине, қыстырмасы, қоспасы. Ағайындар арамызға сөз тасып, ажырамас әріптестермен үлгеруiм керек қайта достасып! (Қ.Мырзалиев, Мәңгi майдан).