Акушерлік

lat: Akýsherlik

зат. мед. 1. Бала көтеру, ана болумен байланысты кезеңдегi әйелдің денсаулығы мен нәрестенің денсаулығын зерттейтін медициианың бір саласы.


Акушерлiктің негізгі мақсаты - әйелдің аман босануына және нәрестеге зақым келмеуiне көмектесу (ҚСЭ).

2. Акушер міндетін атқарушылық. Республикамыздағы медицина институтының арнаулы кафедраларында, 25 медициналық училищенiң арнаулы бөлiмдерiнде акушерлік мамандар дайындалады (ҚСЭ).

Роза Сәбитованың мамандығы - акушерлік («Лен. жас»).