Аккомодация

lat: Akkomodasıaá

(лат. accomodatio бейімделу) бір сөз ішінде немесе әр тектес буыннан құралған сөздерде іргелес орналасқан дауысты және дауыссыз дыбыстардың, яғни үні мен салдыры әртүрлі фонемалардың, бір-біріне әсер етіп, өзіне ұқсатып айтылуы. Мысалы, жай, шай сияқты жуан буынды сөздердің сөйлеу тілінде жәй, шәй болып жіңішке айтылуы, олардың құрамындағы "ж, й, ш" тіл алды фонемалары тіл арты жуан "а" фонемасына ықпал етіп, оны тіл алды жіңішке дыбысқа өзгертіп, өздеріне бейімдеп тұр; апаеке, атаеке сияқты әртектес буынды сөздерде де тіл арты "а" фонемасына іргелес орналасқан "й, н, к, с, п" дауыссыздары және одан алшақ тұрған жіңішке әпке, атеке сияқты сыңарларын жасап тұр. Керісінше, Ботакөз (Ботагөз), керек екен (керег екен), қара қазан (қара ғазан) сияқты сөздерде дауысты дыбыстар дауыссыздарға ықпал етіп, өздеріне бейімдеп тұр.