lat: Akordeon
[франц. accordeon] зат. муз. Екі қолмен басып ойнайтын фортепьянолық пернесі бар, баян тектес музыка аспабы.
Бiр күні класс ішінде аккордеон ойналып, ән шырқалып, бейне бiр той, думан, сауық кешi өтіп жатқандай болды («Соц. Қаз.»).
Қолындағы аккордеонын құлаштай сермеп, «Уа, ардақты елiм...» деп бастай жөнелген Қасым-ханға көпшілік қосылды да кеттi («Лен. жас»).