lat: Akredıtıv
[нем. аkkreditiv] зат. экон. Ақша сақтаушыларға халық банктен берілетін ақша құжаты.
Қолма-қол ақшасыз есептеудің Түpi ретінде аккредитив Халықаралық коммерциялық операциялар бойынша есеп айырысуда және ұйымдар арасындағы төлeмдepдi жүзеге асыруға қолданылады (ҚСЭ).
Аккредитив сатып алушының тапсыруы бойынша және соның қаражаты есебінен контрагентке қызмет көрсететіп банкте ашылады, ол жеткізушінің міндеттеме орындалған бойда дереу өнім үшiн төлем алуына мүмкiндiк бepeдi (Қаз. тiлi термин. Экономика.).