lat: Akselerasıa
— соңғы 100-150 жылдар ішінде балалар мен жас өспірімдердің соматикалық дамуы мен физиологиялык жетілуінің тез жүруі.
Акселерация дененің салмағы мен көлемінің артуында, жыныстық жылдам жетілуде көрініс табады. Соңғы зерттеулердің статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, соңғы жүз жыл ішінде балалардың туғаңдағы бойының ұзындығы шамамен 0,5-1 см-ге, ал салмағы 100-200 г өсті; 5-7 жастағы балалардың бойы әрбір он жылда 1,5 см, ал салмағы 0,5 кг өседі; мектеп жасындағы балалардың бойы 10-15 см өскен. Жыныстық жетілу орташа алғанда 1-2 жасқа ерте басталады. Кейбір дәстүрлі қатынастардың, оқыту-тәрбие жағдайларының сақталуы жағдайында мұндай жас өспірімдерде психологиялық бөгеттер мен шиеленістер, мінез-құлыктың аффективті түрі көрініс табады. Сонымен қатар, психологиялық Акселерация түсінігі де бар, ол — балалардың акыл-ой дамуының, жан қуаттарынын түрлі әсерлерге орай тезірек дамуы.