lat: Aksent
[лат. accentus] зат. лингв. 1. Екі немесе көп буынды сөзде бір буынның ерекше күшпен не үнмен айтылуы; екпін.
Акцент дыбысты ырғақтық жағынан ұзарту, тембрін өзгерту, гармониялық алмасу т.б. арқылы да жүзеге асады (Қаз. тілі энцик.).
2. Басқа тілде сөйлегенде болатын дыбыс, үн ерекшелігі.
Жас әйел аздаған акцентті болмаса, «р»-ды «л» сияқтылау етіп айтқаны болмаса, орысшаға ағып тұр (С.Мұқанов, Алып. адым.).
Тілінде акценті бар, шұбалаңдау сөйлейтін адам (Ғ.Мүсірепов, Достық сапары).
3. муз. Музыкалық шығарманың жеке дыбыстарына, аккордына ерекше екпін, күш беріп даралап ойнау.
Әндi әртүрлi дыбыс берумен әртүрлi буындарда айту, нюанстерді, акценттерді салыстыру, дирижердің қолына назар аудару өте кажетті шарт (Хормен жұмыс.).
Акцент дыбысты ырғақтық жағынан ұзарту, тембрін өзгерту, гармониялық алмасу т.б. арқылы жүзеге асады (ҚҰЭ).