lat: Aksept
[лат. acceptus] зат. экон. 1. Басқа бір ұйым, мекеме ұсынысына сәйкес шарт жасауға келісім.
Офертада ұсынылғаннан өзгеше шарттармен келісімшарт жасауға келсім туралы жауап кайтару акцепт болып табылмайды (ҚҰЭ).
2. Аударма вексель бойынша төлеушінің көрсетілген мезгілде вексельді төлеу міндеттемесінің қабылдануы.
3. Аударма вексельде көрсетілген соманы төлеуге кепілдік беруге банктің келісімі.
Акцепт бере тұра, банк ешқандай несие бөлмейді ол тек қана мepзiмi келген траттаны төлеуге міндеттеме алады (Орыс.-Қаз. экон. сөздiгi).
4. қаржы. Көптеген елдерде шаруашылық ұйымдар арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысандарының бірі.