Бұлшық ет талшықтарының белогы. Молекулалық массасы 42 000. Екі пішінді келеді: глобулярлық (Г–А) пен фибрилярлық (Ф–А); Г–А түрі АТФ жəне Mg2+ иондарының қатысуымен полимеризация нəтижесінде пайда болады. Əрбір актин молекуласында миозин молекуласының бастарында орналасқан бөліктерге комплементарлы бөліктер болады. Бөліктердің бір– бірімен əрекеттесуінен бұлшықеттің негізгі жиырылғыш белогы – актомиозин түзіледі. Орта есеппен бұлышқеттің 1 см3 –де 0,04 г. актин болады. Актин – миозин жүйесі омыртқасыз жəне омыртқалы жануарлардың жиырылғыш құрылымдарына ортақ.