Актин

lat: Aktın

бұлшық еттің жиырылу процесін қамтамасыз ететін белоктардың бірі. Ол бір-біріне ауысып отыратын глобулярлық-домалақ (Г-актин) жəне фибриллярлық-талшықты (Ф-актин) түрінде кездеседі. Ф-актин Г-актиннің полимерленуі нəтижесінде түзіледі де, қос арқаулы шиыршық түрінде миозинмен бірге актомиозиндік кешен құрап, бұлшық ет жиырылуының молекулалық механизмін қамтамасыз етеді.