Активтік

lat: Aktıvtik

зат. 1. Белсенділік, ынталылық.

Осылардың барлық түрінің де мақсаты - студенттердің сабаққа активтігін арттырып, еңбектене білуге тәрбиелеу (Семья тәpбиeсi).

2. хим. Металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуіне қарай анықталатын қасиеті. Көптеген металдармен және тұздармен жасалған тәжipибeлep металдардың активтігі әpтүpлi болатындығын көрсетті (Химия).