Актант

lat: Aktant

(actant) нарратологиядағы көркем әдебиет кейіпкерлерінің жолдаушы/қабылдаушы немесе көмекші/қарсылас сияқты қарама-қарсы жұп рөлдерін білдіретін термин. Қазіргі кезде бұл терминді әлеуметтік ғылымдарда кез келген әрекет жасаушы нысанның атауы ретінде де кеңінен қолданып жүр.