lat: Akterlik
сын. Актерге тән.
Суырып салма ақындардың айтысы айтысушылардан актерлік айқындықты, ымды, әзiл тәсілдерін пайдалана бiлудi талап ететiн драмалық диалог болды (ҚазССР тарихы).
Қалибектің актерлік қасиетi - қандай рөлдi орындаса да жан-тәнімен берiле, iшiне кiре, әшекейсiз, әсерсіз адал ойнауында («Қаз. әдеб.»).
Сыншы шығарманың сахналық көрiнiсi, спектакльдiң режиссерлік шешiмi, актерлік шеберлiк мәселесi жайлы да байсалды пікір қорыта алған (З.Серiкқалиев, Ақыл.). // Актер болушылық. Актерлігі соншама дарынды, керемет әншi Күлеш Байсейiтова өзi жасаған образы арқылы адам жанын тербеп, бiржола елiктiрiп әкетедi, - дептi Демьян Бедный (Ә.Жәмішев, Дала.).