АЛЮМИНИЙ ҰЛПАСЫ

lat: Alúmını ULPASY

суда және органикалық еріткіштерде ерімейтін ұсақ үгітілген алюминий ұнтағы.

Құрылыс материалдарын (газобетон) өндіруде және пиротехникада пигмент ретінде қолданылады. Қабыршақты немесе тамшы тәріздес бөлшектерден тұрады. Біріншісін жаншу, ал екіншісін ерітілген алюминийді ыдырату жолымен алады.