Алюминий құймалары

lat: Alúmını quımalary

хим. Алюминий негізінде алынған жеңіл құймалар.


Алюминий құймаларының құрамына магний, кремний, мырыш және марганец кіреді. Алюминий құймалары сапалы болу үшін құрамына қосымша ретінде темір, никель, титан, кобальт, берилий, хром, натрий элементтерінің бірнешеуі қосылуы мүмкін (Қаз. тілі термин. Кен.).

Алюминий құймалары авио, авто, кеме, теміржол және химиялық аппараттар жасауда т.б. көп салаларда қолданылады (ҚСЭ).