АЛЛИТЕРАЦИЯ

lat: Alıterasıa

[лат. alliteratio] зат. әдеб. Шығармадағы бipыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталануы, үндестік арқымы жасалатын көркемдік тұсы.

Аллитерация (латынша ad-littera - дыбыстас) - бiрыңғай дауыссыз дыбыстарды кайталау (З.Қабдолов, Сөз өнері).

Аяққы ұйқасқа тармақтың басындағы дыбыс үндестiгi - аллитерация - қосарланатынын дәлел етедi (З.Ахметов, Өлең сөз.).

Жұмбақтың да сөз түзілісі мақал-мәтелдерге ұқсас, әр затты өзiне лайық дыбыспен бейнелеу үшін аллитерация тәсілі қолданылады (Әдебиеттану термин.).