(латын. - дыбыстас) - шығармада дауыссыз дыбыстардың үндесіп қайталануы. Бүл әсіресе поэзияда қолданылады. Бір сөзді бірнеше рет қайталау сөз ұйқасымы, мазмұнды көркемдеу, әр затты лайықты дыбыспен бейнелеу үшін зор рөл атқарады. А. роман-эпопеяда кездесетін мақал- мәтелдерде, шешендік айтыстарда жиі қолданылған. Мысалы, «Шешендік күші шындық қой», «Жауға жалынба, досқа тарылма», «Сәуір болмай, тәуір болмас». «Күндестің күлі де күндес», «Жақсының жаттығы жоқ» немесе «Ағайын! Күн сынайды, күдері бел шыдайды. Күйсіз белге кезігіп отырған күнім жоқ. Күйлі, келелі Тобықтының тобы боп отырмын», «Жоқ әлде күнім - арай, шыным - шырай, бірлігім - бекем дегенді тілің ғана айта ма?» деген шешендік сөздердегі дауыссыз дыбыстардың бірінен соң бірінің тіркесіп келуі сөйлемге - көрік, ойға сәуле түсіріп тұр («Тарауда»).