АЛЛИТЕРАЦИЯ

lat: Alıterasıa

(латын. ad-littera— дыбыстас) — шығармаларда бірыңғай дыбыстардың, үндестігі, дәлірек айтқанда дауыссыз дыбыстардың қайталануы. Бүкіл әлем поэзиясында ертеден қалыптасып келе жатқан стилистикалық айшық (фигура). Әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл. Гомер мен Горацийден бастап, Пушкин мен Абайға дейінгі ақын атаулының бәрінде бар. Ираншахқа мұңың шақпа, Низами, Біздің жақта гүл құшақта, Низами. Қасым Аманжоловтан алынған аллитерацияда ш әрпі қайталанып, өлең өрімін құбылтып, оның оқырманға әсерін күшейтіп тұр. Аллитерация — қазақ мақал-мәтелдерінің де ұтымды тәсілдерінің бірі. Мақалдар құрылысында дыбыс үндестігі, бір дыбыс немесе бір сөзді («Бейнет, бейнет түбі — зейнет») бір- неше қайталау сөз ұйқасымы айрықша рөл атқарады. Осының бәрі, сайып келгеңде, мазмұнды көркемдеу. Жұмбақтың да сөз түзілісі мақал-мәтелдерге ұқсас, әр затты өзіне лайық дыбыспен бейнелеу үшін аллитерация тәсілі қолданылады: «Әуеден күбі түсті, күбінін, түбі түсті» (Күннің күркіреуі).