Алғашқы

lat: Alǵashqy

сын. Бастапқы, әуелгі, бірінші реттегі, бірінші кезектегі.

Мүмкін, бұл олі обден ояна қоймаған жастық сезімнің алғашқы лебізі шығар, әйтеуір, Гүлжамал десе жүрегін бір тәтті толқын билей бастағандай болды (І.Есенберлин, Шығ.).

Сол себепті де басында- ақ зерттеушілердің алғашқысы болып ырым-сырым, түс жору, т.б. ұсақ формаларды фольклорға жатқызады, оның «Аруақпен айтыс» сияқты реликтілік құбылыстарын шаммен іздеп тауып, жариялайды (Х.Досмұхамедұлы, Таңд.).

Алғашқы би жаңа жылғы,

 Алғашқы дем жиі алған.

Құшағымда жақсы құрбым

Маған қарап ұялған (Т.Молдағалиев, Шақырады көктем)