lat: Alǵashqydaı
сын. Бастапқыдай, бұрынғыдай, алдыңғыдай.
Алғашқыдай емес, өзен бойының түнерген қараңғылығына бой да үйренді (С.Бегалин, Уақыт.).
Бас күмбезден төменіректе және тағы екі күмбез бар. Бұлардың биіктігі мен көлемі дәл алғашқыдай (Д.Досжанов, Құм жұтқан.).
Медет турникке алғашқыдай емес, тіпті құшырланып кірісті (К.Оразалин, Ақ жазық).