Алайда, бірақ, дегенмен, сонда да, өйткенмен, әйтсе де, сөйткенмен, ләкін

lat: Alaıda, biraq, degenmen, sonda da, óıtkenmen, áıtse de, sóıtkenmen, lókin kitab

Қарсылықты салалас сөйлемдердегі жай сөйлем баяндауыштарын байланыстыратын жалғаулықтар.

Мұхиттың Қайырбек үйіне келгені бір бұл емес.

Алайда мына сәнді бөлмесін көруі бірінші рет (Ғ. Сланов).

Жабай атты жақсы мінетін, киімді жақсы киетін, бірақ мал жимайтын адам болды (С. Мұқанов).

Дегенмен , сақ болыңдар, қамысы тым үрейлі екен, қасқыр, қабаннан ада емес шығар (I. Есенберлин).

Ағаштың арасына кіре өкпек желден құтылдым, сонда да тоңған денемнің түршігуі басыла қоймады (С. Мұқанов).

Әйткенмен аңқылдаған ақкөңіл мінезі, сергектігі тосын көзге қарттың қалжырап отырғанын аңғартпайды (М. Иманжанов).

Қайғыңның ауыр екенін мен де білемін, әйтсе де сабыр сақтауың керек емес пе (С. Омаров).

Сөйткенмен, ол өз қатесін тез түсініп, ешкімге қарсы келмей, сабыр сақтады («Қаз. әдеб.»).

Ләкін бұл Хангелдіні білмейді екем, - деді Айназар (С. Сейфуллин).