lat: Alabuǵa
зат. зоол. <лат. percaflu- viatilis> Сүйекті балықтар отрядына жататын, дүние жүзі суларына mapaған өзендерде, теңіздерде тіршілік ететін, арқа қанаты үшкір тікен тәрізді балық. Алабұға уылдырықтарын сәуірдің аяғында, я заузаның басында ағысы жоқ, тайыз жерлерге шашады (Х.Досмұхамедұлы, Таңд.).
Алабұға бұрын Балқаш-Іле су алқабында кәсіби аулаудан 2-3 орын алатын (жылына 2300 тоннаға дейін ауланатын) (Қазақст. қызыл кітабы).
Шортан, шорағай, алабұға, табан, сазан, қара балық, күмістей жалтылдаған ақ шабақ (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.).
Інім қармағының сабын жоғары көтеріп кеп қалып еді, алабұға біздей тікенегі бар, қып-қызыл қанатын едірейтіп, қара жолақ күйі, судан салпаң етіп шыға келді (Ө.Қанахин, Жер бас.).