Аламан

lat: Alaman

1. Іріктелген әскери жасақ, топ.

«Қаруы сай, қарымы күшті он төрт мың аламанға қолбасы етіп Қоянақ бахадүрді белгілеген» (М.Мағауин)

2. Біреуді шабуға, тонауға сайланған қарулы топ.

3. Алыс қашықтыққа шабатын бәйге.

4. Көпшілік бұқара.

«Аламанға жол бердік, аса жұртты меңгердік. (Махамбет)

«Осы отырған аламанның маңдай алды бір туысқан бауырыңның қанын төгем дейсің.» (М.Әуезов)

5. Қазақ руларының байырғы ұраны. Ауысп. Көлемді, жойқын іс әрекет. Аламан-тасыр. Алды-артына қарамай тасыр-тұсыр шабу.

«Сіздің мына бір ай-шайды білмейтін аламан-тасыр жігіттеріңіз істі аяқтатпай... осында алып келді.» (Р.Райымқұлов «Бұрылыстар»)