Аламан

lat: Alaman

Қазақ тілінде аламан «әскер, жасақ, жауынгер; бұқара, қауым» тәрізділерді білдіретін көп мағыналы сөз. Аламанға дем берген, Азды көпке теңгерген. Алдынан шықты ер Қазан («Қобыланды батыр»). Ханның кірген ақ орда, Бұзуын ойлап кеңестік, Аламанға жел бердік, Аса жұртты меңгердік (Махамбет). Қазақ, қырғыз, қарақалпақ, түрікмен, азербайжан, лобнор, ұйғыр т. б. түркі моңғол халықтарының сөздіктерінен аламан сөзі кездеседі. Ж. Досқараев: «Түркі тілдерінде аламан сөзінің бір мағынасы салт атты, тобыр, екінші мағынасы шайқа, жау», дегенді айтады (Досқараев. Қаз. тіл. жер. ерек.). Қырғыз тілінде бұл сөздің «дүркірей шабу, шапқылау, қауым» мағыналары бар. В. В. Радлов аламан сөзінің («тобыр, салт аттылар құрамы, қарақшы») мағыналарын көрсете отырып, оның тонаушы кезбе, кезеген» мәнін де беретіндігін айтады (Радлов. Опыт сл., т. IIV). Карл Броккельман осы сөз жайында: «қаптап келе жатқан әскер» деп көрсетеді. Аламан сөзінің шығу төркіні жөнінде С. Аманжолов бан немесе ман да Аристовтың «жер», «ел» деген сөз деп жобалайтынын көрсете отырып мұның түбірі ал етістігі болуға керек деген пікірді жақтайды. Сонымен қатар ман аффиксі М. Қашғаридың пікірінше «тектес, тәрізді, сияқты» деген мағынаны білдіретіндігін де атайды. С. Аманжолов -ман аффиксі арабтан әуелде «адам» мағынасында енін, кейін жұрнаққа айналған болу керек дейді. Бұған мысал ретінде атарман, шабарман, аламан (аларман) сөздерін келтіреді (Аманжолов. Вопр. длал. 51). I. Кеңесбаев «Аларманға алтау аз, берерменге бесеу көп«Алты аласы, бес бересім жоқ» деген фразаларды талдай келіп, -ман, -мен, -асы, -есі жұрнақтарының көне екендігін, аларман, берермен, аласы, бересі сөздерінің түбірі ертеден келе жатқан ал, бер етістіктері екендігін ескертеді (Қазақ ССР ҒА Хабарлары, лингв. с. 1950, 7), чуваш тілінде ал немесе ала қол дегенді білдіреді. Ал қол сөзінің «әскер» ұғымын қоса беретіндігі мәлім. Бұған қарап аламан сөзі ал//ала қол (әскер) және мандам) деген екі түбірден құралған күрделі сөз деп топшылауға болады. (А. Мах.)