Алаңдау, елеңдеу, елегізу

lat: Alandaý, eleńdeý, elegizý

Беймазаланып жан-жағына қарау, айналасына көз тастау, құлақ түру.

Той болса, ел қатарлы бара алмаймын,

Жаутаңдап, екі көзім алаңдаймын (Кенен).

Ит үрсе де, eciк тықыр етсе де елеңдеп сыртқа жарыса жүгіретін болды (А. Лекеров).

Ұлжан өзі түгіл ең жақсы көрген баласы Абайдың қуанышына да iшкі бір елеңмен қарайды (Ғ.Mүcipeпов).