lat: Aldap-arbaý, aldap-sýlaý, aldaýsyratý, aldaýratý, aldarqatý, aldastyrý, aldamalaý
Өйтіп-бүйтіп амалдау, қулықпен дегеніне көндіру.
Ол енді Ғайнидің айтқанына сөзбен көндірмек болып, алдап-арбап айналдыруға тырысты (С. Сейфуллин).
Гүлсім дейтін мұғалім апай шашымнан сипап, алдап-сулап сыныпқа кіргізді, - деді Жәзира (Р. Әутәліпов).
Алғашқыда астымызға көпшік қойып алдаусыратты (С. Жүнісов).
Біз оны әне келеді, міне кеп қалады деп алдауратып бақтық (Ш. Айтматов).
Қажымұрат әйелдерді алдарқатып жолға салып жіберген (Қ. Ысқақов).
Амангелді қолы патша өкіметінің әскерін осы шөл-тақырға алдастырып шығарып алған (С. Мұқанов).
Көкірек оны алдамалап жар астына түсірдi (Р. Тоқтаров).