Алдап-арбау, алдап-сулау, алдаусырату, алдаурату, алдарқату, алдастыру, алдамалау

lat: Aldap-arbaý, aldap-sýlaý, aldaýsyratý, aldaýratý, aldarqatý, aldastyrý, aldamalaý.

Өйтіп-бүйтіп амалдау, қулықпен дегеніне көндіру.

Ол енді Ғайниді айтқанына сөзбен көндірмек болып, алдап-арбап айналдыруға тырысты (С. Сейфуллин).

Гүлсім дейгін мұгалім апай шашымнан сипап, алдап-сулап сыныпқа кіргізді, - деді Жәзира (Р. Әутәліпов).

Алғашқыда астымызға көпшік қойып алдаусыратты ( С. Жүнісов).

Біз оны әне келеді, міне кеп қалады деп алдауратып бақтық (Ш. Айтматов).

Қажымұрат әйелдерді алдарқатып жолға салып жіберген (Қ. Ысқақов).

Амангелді қолы патша өкіметінің әскерін осы шөл-тақырға алдастырып шығарып алған (С. Мұқанов).

Көкірек оны алдамалап жар астына түсірді (Р. Тоқтаров).